Шымкентте экс-полицей заңсыз әрекеті үшін сотты болды. Еңбекші ауданының аға тергеушісі қылмыстық қудалауды тоқтатуға уәде беріп, ол қызметі үшін жарты миллион теңге талап еткен.
Бүгінде пара алған полицейдің кінәсі дәлелденді. Бұрынғы тәртіп сақшысы үш жылға темір торға тоғытылып, «полиция аға лейтенанты» шенінен айырылды. Сотталушы жазасын орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейді.
Ермек Есіркепов, Қаратау аудандық сотының судьясы:
«Прокурор сотталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша «полиция аға лейтенанты» атағынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы мен адвокат айыппұл түріндегі жаза қолдануды ұсынды. Алайда, сот экс-полицейді кінәлі деп таныды. Сондай-ақ өмір бойына белгілі бір лауазымда немесе белгілі бір қызметте жұмыс істеу мүмкіндігінен айырды. Қазір сотталушыға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ».
Мөлдір Ибадуллаева