Түркістанда шегірткемен күрес күшейтілмек

64

Егістік алқаптың қас жауы саналатын Марокко шегірткесі биыл қауіп төндіруі мүмкін. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шаруалар шығынға ұшырамас үшін алдын алу шараларын күшейту қажет екенін айтты.

Алдағы уақытта өсімдік атаулыны жайпайтын жәндікке қарсы 30 мың гектардан астам аумаққа тиімділігі жоғары дәрі себіледі. Жалпы бүгінде облыс бойынша 1 млн. гектардан астам алқапқа мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Жыл сайын қолданылатын химикаттарға зиянкестердің иммундық жүйесі пайда болуына байланысты өткен жылдан бастап күнгей өңірде Швейцария мен Дания препараттары қолданылып, биологиялық тиімділігі 94% -ды құрады. Биыл бұл жұмыстарға 200-ден астам адам жұмылдырылады деп жсопарланып отыр.

Мөлдір Ибадуллаева