Тайландтың Паттайя қаласында байдарка мен каноэ есуден өткен жарыстан Түркістандықтар олжамен оралды. Олар, 12 елден қатысқан 400 спортшы арасынан жоғары нәтижеге қол жеткізіп, қоржынға 5 алтын, 7 күміс, 2 қола медаль салды.
Наурыз айының 24 мен 27-сі аралығында Тайландтың Паттайя қаласында байдарка мен каноэ есу бойынша Азия чемпионаты өтті. 18 жасқа дейін және одан да жоғары жастық дәрежедегі қатысушылар арасында өткен байрақты бәсекеде Түркістандық команда 14 жүлдеге қол жеткізді.
12 елдің ең мықты спортшылары қатысқан жарыста олар 5 алтын, 7 күміс, 2 қола медальді иеленді. Құраманың бас бапкері жарыс оңай болмағанын айтады.
Еркебұлан Кеңғсов, Түркістан обылысының ескек есуден аға жаттықтырушысы:
”Енді жарыс шынымды айтсам қиын болды. Сол жарысқа келгенен бастап ауа-райы ыстық болды.Паттайян өтте ыстық, біз алдын ала барғандықтан соның өзі көмектесті. Балалар алдын ала дайындық жасап өздерінің жететін жетістіктерін жетіп жеңімпаз атанды».
Параканоэден ерлер арасында 200 метр қашықтықта жарыс жолына шыққан Бейбарыс Спатай сәтті өнер көрсетіп қоржынға 1 алтын, 1 қола медаль салды.
Бейбарыс Спатай, параканоэші:
«Осыдан 4 жыл бұрын Азия чемпионаты өтіп еді. Ол кезде бірақ қайығымның ақауына байланысты жеңіске жете алмаған едім. Сол кезде өзіме уәде бергенмін 4 жылдан соң болатын жарыста ұтамын деп. 1-ші орынды алып көк туымызды желбіретіп Қазақстаның ән ұранын шырқатам деп едім. Енді көріп тұрғандарыңыздай уәдемде тұрдым көк туды желбіреттім».
Паттайя қаласында өткен жарыста ересектер арасында әйелдер байдаркасында 1000 және 500 метр қашықтықтарда екі алтын жүлдеге Наталья Сергеева қол жеткізді. Ал ал жасөспірімдер арасында каноэні жекелей есуден 500 метр қашықтықта алтын жүлдемен Полат Төребеков қуантты. Жалпы Түркістан обылысынан жарысқа 8 спортшы қатысқан.
Иззат Миралиев