Спорт 

Паралимпиадалық спорт түрінен Шымкенттің саңлақтары келесі маусымға дайындалуда

Көзі нашар көретін спортшылар арасынан шымкенттіктер топты жарып келеді.  Ел чемпионатынан, тіпті халықаралық аренадан да жерлестеріміз жүлделі оралуда. «Спартак» спорт кешенінде Азия чемпиондары жүзуден шеберлігін шыңдауда. Құрлық жарысында  екі бірдей спортшымыз мүмкіндігі шектеулі жандар арасында топты жарған болатын. Жүлде қоржынына екі алтын медаль салды. Бекжан Есіркепов арқамен жүзуде Азия чемпионы атанды. Жерлесіміздің ендігі мақсаты паралимпиадалық ойындарда үздік танылу. Келесі жылдан бастап қажетті жолдама үшін таласатын болады. Бағы жанса, Бразилияға да барып қалуы әбден мүмкін.   «Дайындығымыз жақсы. Дегенмен жаттығулар қажет қой. Бапкердің айтқанынан шықпай шеберлігімізді шыңдап жатырмыз. Ендігі мақсат, келесі…

Read More
Жаңалықтар Спорт 

Паралимпиадада пәрменді емеспіз

Тұманды Альбионда XXX Жазғы олимпиада ойындарының соңынан іле-шала дене бітімінде кемістігі бар спортшылардың (Паралимпиада) дүбірі басталып кетті. 29- тамыз күні алауы тұтанған дода бел ортасына таяды. Бәсірелі бәсекенің арасында қазақстандық спортшылар да бар. Біздің сайыпқырандар қай межеден көрінер екен? Мұның жауабын бір аптадан кейін білетін боламыз. Олимпиада ойындары тамыздың 29-ы түн ауа (Лондон уақытымен) салтанатты түрде ашылды. Төрт жылда бір келетін ұлы дүрмекті тамашалағандардың қатары қалың. Сапырылысқан стадионға 80 мың көрермен жиналды. Британдық режиссерлер бұл жолы да Ұлыбританияның тарихын, ғылымына қатысты ғажайып қойылымдарды әлем назарына ұсынды. Әйгілі Исаак Ньютонның алмасы…

Read More
Спорт 

Республикалық параолимпиадалық ойындар Шымкентте жалауын көтерді

Еліміздің бір қатар облыстарынан жиналған 507 жарысқа қатысушы спорттың 6 түрі бойынша ептілігін байқайтын болады. Турнирге тек мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысады, сол себепті спорт кешендері арнайы жөндеуден өткен. Жарыстың ашылу салтанатында туризм және спорт министрлігінің өкілдері де тілегін аямады. Алдағы уақытта бұл жарыстың шеңберін кеңейтіп, демеушілердің арқасында чемпиондарды да тәрбиелейміз дейді спорт тізгінін ұстаған ағалар жағы. Елсияр Қанағатов, ҚР Паралимпиадалық комитетінің президенті: «Паралимпиадалық ойын бес күнге жалғасады. Бұл дода Лондонда өтетін дүбірлі сайыс алдындағы дайындық деуге де болады. Бүгінде 17 спортшы жолдама үшін таласуда, олардың арасында шымкенттік жалғыз спортшы да…

Read More