ВТБ, Сбербанк пен Альфа-банк KASE-дегі бағалы қағаздар саудасынан шеттетілді

56

ВТБ, Сбербанк пен Альфа-банк KASE-дегі бағалы қағаздар саудасынан шеттетілді.Енді елдегі ресейлік банктер қор биржасында еуро және доллармен жасалған сауда-саттыққа қатыса алмайды. 

Қазақстандағы Альфа-банкке қатысты санкция 6 мамырдан бастап күшіне енеді. Тұрғындар бұл банктегі ақшасын жаппай алуға көшкен. Өткен аптадан бері азаматтар 100 млрд. теңгені қайтарып алған. Осыған байланысты банк ақша алуға шектеу қойды.

Альфа-банктің салымшылар алдында 445 млрд. теңге міндеттемесі бар. Ол несие портфелі есебінен жабылады. Қаржы нарығындағы ойыншылар арасында Альфа-банк 11-ші орында тұр. Оның биылғы активі 908 млрд. теңгеден асқан.

Шынар Оразова