Сбербанктің қазақстандық еншілес компаниясы өз клиенттеріне 3 ай уақыт берді

83

Ресейлік банктердің санкцияға ілінуі олардың Қазақстандағы еншілес ұйымдарын да тығырыққа тіреді. Сбербанктің қазақстандық еншілес компаниясы өз клиенттеріне үш ай уақыт берді.

Осы аралықта банк қызметін пайдаланушылар жоспарлаған валюталық операцияларын іске асырады. Осы жылдың 12 шілдесіне дейін ол жұмысын штаттық режимде жалғастырады. Бірақ өтімділікті қамтамасыз ету үшін Сбербанк өзінің несиелік портфелінің бір бөлігін Халық банкіне сатты. Халық банк Ресейдің еншілес компаниясының 330 миллиард теңге қарызын сатып алды. Сарапшылардың айтуынша, онсыз Сбербанктің қазақстандық клиенттеріне қиын болар.

Бірақ клиенттердің қарыздары бойынша шарттар өзгеріссіз қалады. Және несиені уақытында төлеу керек. Тіпті қаржы компаниясы банкрот болған жағдайда да қарызды өтеу керек. Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев осылай дейді

Шынар Оразова