Жеке тұлғаларға несие беру азайды

67

Жеке тұлғаларға несие беру азайды. Бұл жоғары проценттік ставкаларға байланысты қабылданған шешім.

@FINANCEkaz сарапшыларының айтуынша, банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа мөлшерлеме 12,2%. Бұл қаңтармен салыстырғанда 0,2% жоғары. Ал жеке тұлғаларға 18,4%-ті құрады.

Экономистер мөлшерлемені бұдан әрі көтерудің мәні жоқ деп есептейді. Жалпы ақпанда кредиттік портфель көлемі өсіп, 18,5 триллион теңгеге жеткен.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен мәлім болды. Бұл қаражаттың басым бөлігі, атап айтсақ, 11 триллион теңгеден астамы жеке тұлғаларға, қалғаны заңды тұлғаларға берілген.

Шынар Оразова