Жеңілдетелген автонесиелеу бағдарламасы сәуірдің соңына дейін емес, мамырдың 10-ынан кейін басталатын болды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі бағдарламаға қарастырылған 100 миллиард теңге «Жасыл даму» компаниясынан әлі бөлінбегенін айтады.
Қазір тиісті құжаттар дайын, қаржы келесі айдың 10-ына дейін аударылмақ. Яғни, 4 пайыздық несие содан соң басталады. Бұған дейін бағдарламаның шарттары бекітілген еді. Ол бойынша ең жоғары қарыз көлемі 10 миллион теңге. Мерзім 7 жылға дейін. Мөлшерлеме 4 пайыз.
Көлік елімізде құрастырылған және оның бағасы 15 миллион теңгеден аспауы керек. Ал алғашқы жарна міндетті емес. Әрі бағдарлама ашық және әділ өтуі үшін кезекті онлайн бақылау жүйесі іске қосылады.
Шынар Оразова