Машина жасау өндірісі 37 пайызға өсті

90
фото inbusiness.kz

Ағымдағы жылдың 6 айында елдегі машина жасау өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай баламада 37 пайызға  өсті. Салаға құйылған инвестициялар да былтырға қарағанда 23 процентке ұлғайды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов отандық автоөндірісті қолдау шаралары кеңейтілетінін айтты.  Үкімет үйінде өткен арнайы кеңесте қазақстандық машина жасау саласы мен өңдеу секторындағы кәсіпорындарды қолдау шаралары талқыланды.

Әлихан Смайылов сатып алулар кезінде жергілікті үлесті ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Шынар Оразова