Жер теліміне кезекке тұрғандардың саны 2,5 миллионнан асты

211
фото zhasalash.kz

10 соттық тегін жер алуға кезекке тұрғандар саны екі жарым миллионнан асты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша оның бір жарым миллиондайы егов арқылы, қалғаны жергілікті әкімдіктерге барып кезекке тұрған азаматтар.

Десе де,оларға жер бүгін ертең берілмейді. Өйткені,биыл қорда небары 18 мың жер телімі бар. Қалған азаматтарға 10 соттық учаскелері кезек-кезеңмен беріледі. Оған дейін жергілікті әкімдіктер телемді бөліп, оған су, жарық тартып, қажетті инфрақұрылыммен қамтуы керек.

Шынар Оразова