Бюджет тапшылығы қалай шешілмек?

65

Бәрін геосаяси шиеленіске жүктеп қойып, жауапкершіліктен қашуға болмайды. Сенат төрағасы экономикалық өсімді қамту үшін ішкі ресурстарды іздеу қажеттігін айтты. Біздің экономика мұнайдың бағасына байланған. Бұл дұрыс емес. Ел экономикасын несиелеудің төмен деңгейіне мән берген жөн,- дейді Мәулен Әшімбаев.

Дамушы елдерде бұл көрсеткіш 60-70, ал Сингапур, Корея мен бірқатар Еуропа мемлекеттерінде – 150 пайызға жетеді. Қазақстанда несиелеу 25 пайыз. Соған қарамастан жылдар бойы экономикаға кредит беруді қысқартып келеміз деп атап өтті спикер.

Өйткені, жоғары пайыздық мөлшерлеменің де ықпалы бар. Қазір ол 14 пайыз. Бұл үкіметтің инфляцияны тежеуінің басты тетігі. Бірақ егер сыртқы қауіп сақталса, осы жоғары пайыздық мөлшерлемемен экономика дамымайды. Оның үстіне субсидия қосымша беріліп отыр.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы: «Бір жағынан банктер экономиканы несиелендірмейді немесе жоғары пайыздық мөлшерлемемен несие бермейді. Екінші жағынан, біз халықтың ақшасы арқылы шағын орта бизнес үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялаймыз. Тек «Даму» қорының желісі бойынша биыл 170 миллиард теңге бөлеміз. Осылайша, біз жоғары пайыздық мөлшерлемені сақтай отырып, соны төмендетуге тағы бюджеттен жұмсап отырмыз. Әлбетте бұл мемлекеттік органдарға да, банктерге де қолайлы. Өйткені, тәуекел мен жауапкершілік аз».

Бюджет тапшылығы 3,3% деңгейінде қалып отыр. Оны толтыру үшін сырттан 640 млрд. теңге алынады. Ал, ішкі көздер 780 млрд-қа төмендетіледі. Сонда бір жыл ішінде тапшылық болмашы күйде ғана жабылып отыр. Бірақ бізде қаражат жоқ деп айту дұрыс емес, ішкі ресурстар бар,-деді Мәулен Әшімбаев.

Шынар Оразова