Өткен тәулікте елімізде 11 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан вирус жұқтыру дерегі тіркелмеді. Ел бойынша індеттен 18 адам жазылып шықты. Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан ешкім жоқ.
13 мамырдағы жағдай бойынша елде 1102 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 66-сы стационарға жатқызылса, 1036 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Сала жауаптыларының айтуынша, 11 адамның жағдайы ауыр, 1 пациент өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.
Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 491 182 адамға жетті. 2-ші компонентін 9 259 014 адам салдырды. Республика бойынша 4 137 805 адам ревакцинация жасатты.
Ал Шымкентте 601 470 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 592 172 адам алды.
Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 046 884, II компонентін 1 046 069 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта.
Жанерке Хумар