Кентаулықтар қаланың аумағында велосипедпен діттеген жеріне жетуге мүмкіндік алды. Жақында қала әкімі қызметіне тағайындалған Рашид Аюповтың бастамасымен кеншілер қаласында Велобайк әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.
Құны 500 теңгелік карточканы тұрғындар шағын қала аумағында ғана емес, көрші Түркістан мен Шымкентте қолдана алады. Жоба қаладағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын қолдау мақсатында қолға алынған.
Велобайк әлеуметтік жобасы әсіресе, оқушылар мен студенттердың көңілінен шыққан. Олар шағын қала аумағындағы мәдени және спорт нысандарына қолжетімді бағада өздері жетуге мүмкіндік алғанына жергілікті билікке алғыстарын да жеткізуде.
Шынар Оразова