Мәслихат депутаты эпилепсиямен ауыратын балалардың мәселесін көтерді

83

Қалалық мәслихаттың кезекті 16 сессиясында депутаттардың қарауына ұсынылған бес мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Олар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы , Шымкент қаласын көгалдандыру жұмыстары және экоологиялық мәселелерді реттеу. Сонымен қатар бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылған жұмыстар және ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы мәселелер.

Сессияның күн тәртібіне енгізілген бес мәселе алдын тұрақты комиссияның біріккен отырысында жіті қаралғандықтан олар бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды. Ал енді бүгінде көпшілікті толғандырып отырған азық түлік бағаларын тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы жауапты басқарманың есебіне тоқталсақ.

2018-2022 жылдар аралығында бағаны тұрақтандыруға бюджеттен 7,7 млрд бөлінген. Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың бағасын тұрақтандыру мақсатында шахардағы ірі сауда орындары Грамад, Магнум және де кәсіпкерлік субъектілері тиісті қаржымен қамтылған. Бүгінде бағаға қатысты мониторинг жұмыстарын қалалық ауыл шрауашылығы және ветеринария басқармасынан бөлек, құзырлы органдар да жүргізуде.

«Тұрақтандыру бойынша жеткілікті бидай қоры бар. Түзілген меморандумқа сәйкес, қалыпты бөлке нанның бағасын ұстап тұру үшін 40 наубайханаға ай сайын 2100 тонна ұн жеткізіледі,- деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы  Қайрат Базарбеков.

Сессия барысында, бекітілген күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек, депутаттар сайлаушылар тарапынан көтеріліп, әлі де шешімін таппаған мәселелерге тоқталды.

Сұлтанғали Қуандық,  Шымкент қалалық мәслихатының депутаты: «Эпилепсиямен ауыратын балаларды дәрімен қамтуда проблема барын,  дәрі тапшылығы туралы айтқан ата-аналардың мәселесін 7 ай болды шешімін таппағанына. Дәрі мәселесі Павлодар, Аламтыда  шешілген. Шыңғыс Мұқан, сіз қала әкімінің орыбасары ретінде  бұл мәселені өз бағылауыңызға алсаңыз. Және  қабылданған шешімдер жайлы келесі сессияда баяндасаңыз».

Депутат емханаларға тіркелу мәселесіне де назар аудару қажеттігін атап өтті. Халық қалаулылары сонымен қатар, қала аумағын көгалдандыру және экологиялық мәселелерді реттеу шаралары бойынша есепті құптап, ортақ су пайдалану қиғадаларын бекітті.

 

Шынар Оразова