Мектеп оқушыларының қалалық слеты

83

«Менің Отаным Қазақстан». Қалалық білім басқрмасы мен экология, өлкетану және туризм орталығы  балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық слет өткізді.  «Балалар жылы-2022» орай ұйымдастырылған шарада оқушылар экология, туризм, өлкетану бойынша жарысқа түсті. Қатысушылардың жас ерекшелігі 12-17 жас аралығы.

3 күнге созылатын жарысқа қаладағы 50-ден астам білім ордасы өтініш берген. Солардың тек 20-сы ғана слетқа өз командасын қосуға мүмкіндік алыпты. Жеңімпаз команда қыркүйекте өтетін республикалық жарыста Шымшаһардың намысын қорғаййтын болады.