Қасқасу шатқалында жоғалып кеткен 4 адам табылды

128

Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған 4 азаматты құтқарды. 22 мамыр күні сағат 22:10-да Түркістан облысы ТЖ департаментінің 112 байланыс пунктіне сағат 11:00-де Сусіңген көлінен «Алтын-Дән» демалыс аймағына бағыт алып, қайта оралмағандығы туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Исақожа Елеусізов, Түркістан облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою баскармасының бас маманы: «Төлеби ауданы, Қасқасу а/о, Керегетас ауылынан 5 шақырым жердегі Науытсай шатқалына ТО ТЖД 17 құтқарушысы, кинология бөлімінің 1 қызметкері, 2 бірлік техника және Полиция департаментінің 4 қызметкері, Ұлттық парктің 5 қызметкері жұмылдырылды. Соңғы байланыс 22.05.2022 жылы сағат 23:10-да болды және 23.05.2022 жылы сағат 02:32-де ТЖД күшімен Науытсай шатқалынан 10 шақырым жердегі Құлыншақты таулы жерінен 4 жоғалған адам табылды. Жоғалғандардың айтуынша тұманда адасып қалғандықтары белгілі болды. Сағат 06:35-те іздеу тобы жоғалғандарды түсіріп, құтқарды, медициналық көмекті қажет етпеді».

 Мөлдір Ибадуллаева