Шымкенттегі жарылыс кезінде 1 сәби шетінеді. Баланың туғанына 18 тәулік, салмағы 790 грамм болған. Ол үшемнің бірі екен. Мұны Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.
Бүгін Шымкентте Түркістан облыстық №1 перинаталды орталық жанында орналасқан ғимаратта жарылыс болды. Жарылыс кезінде перинаталды орталықта 189 ем алушы адам және 65 қызметкер болыпты.
Жарылыс салдарынан перинаталды орталықтың 1 қызметкері (Ж.Бүркітбаев, 1979 жылы туған) қаза тауып, 1 бөпе шетінеді. 8 адам жарақат алды. Зардап шеккен адамдарды Түркістан облыстық клиникалық ауруханаға, Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына, №2 қалалық ауруханаға жеткізді.
Шымкент ТЖД бастығы Мадияр Жақсыбаевтың айтуынша, ғимараттың перинаталды орталыққа қатысы жоқ.
Полиция мен ТЖД қызметкерлері жарылыс себебін анықтап жатыр. Алдын ала деректерге қарағанда, газ-ауа қоспасынан (оттек баллоны жарылуы) жарылыс туындаған.