Түркістан: Референдумда 6300-ден астам комиссия мүшесі бюллетендер қабылдайды

0

Еліміздің  Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров  Түркістан облысына жұмыс сапарымен болып, Арыс қаласы мен Ордабасы ауданындағы бірқатар учаскелік референдум комиссияларының жұмысымен танысты. Бесінші маусымда өтетін маңызды шараны  ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін талқылады.

Комиссия мүшелерімен жүздесіп, ондағы жұмыс барысын аралап көрді. Бүгінде халық саны тығыз орналасқан өңірде мыңға жуық референдум комиссиясы бар. Оның 18 –і  аумақтық    болса,  қалғандары  облыстық, қалалық және аудандық саналады.  Референдум күні  6300-ден аса комиссия мүшесі бюллетеньдер қабылдайтын болады.

Комиссия төрағасы бұл күні сондай-ақ, жауапты сала басшылары мен мамандармен кездесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін талқылады. Көптеген сауалдарға жауап беріп, алдын ала дайындықтарды пысықтады.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы: «Негізгі мақсат – учаскелердің дайындық барысын тексеру, көптеген көрнекі ақпараттың қалай ілініп тұрғаны, халыққа қаншалықты қолайлы ыңғайлы болғанын мәселелерді көріп жатырмыз. Және де біз Түркістан облысы бойынша дайындық мәселесі, жергілікті комиссиялардың жұмысы, осы негізгі мәселелерді қозғаймыз».

Малика Қанжарбекқызы