Учаскелік референдум комиссия мүшелеріне үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады

1

Шымкентке ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы бастаған топ жұмыс сапарымен келді. Олар аймақтағы шара өтетін бірқатар учаскелерді аралап, қалалық, аудандық , аумақтық референдум комиссия мүшелерімен семинар кеңес өткізді.Жиынға жергілікті әкімдік, мәслихат депутаттары БАҚ өкілдері қатысу керек. нің қатысуымен өткен жиын барысы туралы Шынар Оразова айтып береді

Төраға : Сіздер сол күні дауыс берушілердің барлық сұрақтарына жауап берулеріңіз керек. Ол үшін өздеріңіз референдум жақсы барлығын білулеріңіз қажет

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қаладағы №101 учаскеде болып, референдум комиссиясының саяси науқанға дайындығымен танысты. Шараның маңыздылығына тоқталған төраға өзінің бірқатар ұсынысын да жеткізді.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы жерге төраға мен хатшы отыру керек. Сонда дауыс берудің қалай өтіп жатқанын жақсы қадағалайды,

Шымкентте өткен семинар кеңес барысында төраға референдумның мемлекетіміздің болашағы үшін маңызы жоғары екендігін айтты. Сонымен қатар, саяси шараның заң шеңберінде, әділ, еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етуде, қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссия мүшелерінің ролі ерекше екендігін атап өтті.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясы төрағасы:» Учаскелік референдум комиссиясына үгінт-насихат жүргізуге тыйым салынады. Сіздер  дауыс берушілерге  ыңғайлы жағдай жасауларыңыз тиіс., Рефрендумның әділ ашық өтуі сіздердің біліктіліктеріңізге сіздердің іс әрекеттеріңізге жұмыстарыңызға байланысты».

Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша 5-ші маусымда еліміздегі өңірлерде 10 013 учаскелік референдум комиссиясында 70 мың қызметкер жұмыс істейді. Ал Шымкентте 312 учаскеде референдум комиссиясының 2705 мүшесі бюллетеньдер қабылдайтын болады. Жалпы Республикалық референдумда 630 133 шымкенттік дауыс беруге мүмкіндік алады.

Ерғали Білісбеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Шымкент қаласындағы учаскелік рефрендум комиссияилары референдумге 80 пайыз дайын,  28 мамырда 100 пайыз дайындық болады. Дауыс берушілерді арасында 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматқа өз құқығын пайдалануға барлық жағдай жасалған.Сол күні инватаксилер оларды учаскелерге жеткізіп салады».

Әл-Фараби ауданындағы №101 учаске референдумге  дайын. Бізде  1 мыңнан астам адам дауыс береді. қазірдің өзінде тұрғындар келіп сұрап жатыр,көпшілігі референдумды сайлаумен шатарсытырп жатыр. Олардың ерекшеліктерін біз түсіндірудеміз»- дейді №101 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы
Бауыржан Қорғанбаев.

Орталық референдум комиссиясы шымкенттіктерді белсенділік танытып, 5-ші маусымда өтетін республикалық шараға ауызбіршілікпен атсалысуға шақырды. Айта кететін жәйт, биылғы референдумда жоғары технологиялардың мүмкіндіктері кеңінен қолданылмақ.

Шынар Оразова