Жазғы шомылу маусымына дайындық жұмыстары басталды

102

Шымкент қалалық Төтенше жайдайлар департаменті жазғы шомылу маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын бекітіп, дайындықты бастады. Мамандар биыл жаз бойы қала аумағанда «Қауіпсіз жаз» акциясын өткізіп, тұрғындарға суға түсу кезіндегі техникалық қауіпсіздік шараларын түсірдіреді.

Қазір арнайы мобильді топ құрылып, шомылуға арналған ресми орындар бекітілді. Олар: Қошқар ата өзені, Тоңазытқыш, Рахат-Бадам демалыс аймағы. Сондай ақ, қауіпті 13 қараусыз қалған тоғандар мен өзендер белгіленіп, 55 қызметкер құтқару жұмыстарына бекітілген.

Айта кетейік, жыл басынан бері 4 жазатайым оқиға болып, 1 ересек  азамат және 3 кәмелетке толмаған бала суға кетті.

Әсел Мәлік