Шомылу маусымы басталды ма?

102

Шымкентте шомылу маусымы басталды. «Отырар» телеарнасының редакциясына осылай деп көрермендер арнайы видео жолдады.

Онда балалар ақпан айына қарамастан Қошқарата өзенінде шомылып жүр. Бұл 14 ақпанда түсіріліпті. Бұл күні сынап бағанасы 15 градустан жоғары жылылықты көрсеткен.

Айта кетейік, соңғы күндері Шымкентте нағыз көктемгі ауа райы орнықты.
«Бүгін 15-ші ақпан ерте көктемде шомыла бастайтын едім. Шардарада ауа райы 20 градусты көрсетіп қуантуда, дейді қала тұрғыны.

Шомылу маусымы Түркістан облысында да бастауын алды. Аң мен балық аулауды сүйер қауым Шардара су қоймасында шомылып жүр. Демалушылардың айтуынша , ауа температурасы өңірде +20 градусқа дейін жеткен.

Шынар Оразова