«Мұндағы балалардың қамқоршысы-мемлекет»: №3 балалар үйі күрделі жөндеуден өтуде

0

Шымкентте №3 балалар үйі күрделі жөндеуден өтеді. Аталған мекеме 1937 жылы ашылған. Бүгінде мекемеге тиесілі 9 ғимараттың 6-ы сараптама қорытындысына сәйкес жарамсыз деп танылған.

Қала әкімі білім нысандарын аралау барысында №3 балалар үйінде жүргізіліп жатқан жұмысты тексерді. Екі қабатты ғимараттың едендері мен есік-терезелері ауысып, шатыры жөнделеді. Сондай-ақ тозығы жеткен электр жүйесі, су құбыры мен кәріз және жылыту жүйелері жаңарады.

«Балалар үйінің жөндеу жұмысы жоғары деңгейде, әрі сапалы болуы керек. Өйткені балалар —біздің болашағымыз. Олардың мұнда өсіп, білім алуында ешқандай кедергі болмауы қажет. Көбіміздің ата-анамыз бар болса, мұндағы балалардың қамқоршысы мемлекет»,—деді қала әкімі.

Осы жылдың сәуір айында жөндеу жұмысы басталғаннан, балалар №4 балалар үйіне ауыстырылған. Жауаптылардың сөзінше қазір жалпы жұмыстардың 40 пайызы орындалған. Ал пайдалануға беру мерзімі қазан айына жоспарланып отыр.

                                                                                                Мөлдір Ибадуллаева