Шымкент қаласында республикалық референдум өтуде. Денсаулығына байланысты учаскелерге келе алмаған қарияларымызға комиссия мүшелері келіп, дауыс беруіне жағдай жасады.
Биыл қаңтардың 21-не 100 жасқа толған Сара Ыбрайымқызы таңдауын жасады. Темір жол саласында еңбек еткен, 5 қыз тәрбиелеп, 69 немере мен шөбере сүйген әжейдің айтары бар «Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Өсіңдер, өніңдер көп жасаңдар» дейді.
№109 учаскелік референдум комиссиясының мүшесі Нұркен Рахманов: » Жаңа ғана 100 жастағы Сара әжейдің үйінен шықтық, ол кісі дауыс берді. Осыған 5 адамға кірген едік. Бұл дауысты үйде беруге өтініш берген алтыншы жерлесіміз».
Шынар Оразова