Шымкент әкімі Конституцияға қатысты референдумда дауыс берді

117

Мұрат Айтенов қала әкімдігінің жанындағы сайлау учаскесіне дауыс беруге келді, деп хабарлайды ОТЫРАР.

Әкімдіктің өзге де қызметкерлері де келіп дауыс беріп, Конституцияға енгізілген өзгерістерге қатысты өз ұстанымдарын білдірді. Сайлау учаскесінде олардан дауыс берушілер көп. Учаскеде омиссия мүшелері, бақылаушылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Дауыс беру жабық кабиналарда өтеді. Әр адам жеке дауыс береді.   Бір сұрақ, екі жауап нұсқасы – белгі, плюс қоюға болады.

Шымкентте сайлау учаскелері таңғы сағат 6-да ашылғанымен, дауыс берудің өзі таңғы сағат 7.00-де басталды. Қалада 311 сайлау учаскесі бар.