Шымкент тұрғыны «Құттықтаймыз» лотореясына қатысып, 5 млн. теңге ұтып алды

0

Шымкентте миллионерлер саны артты. Қала тұрғыны Назира Оразымбетова «Сәтті жұлдыз» лотереясына қатысып, 5 млн. теңге ұтып алды.

Назира Оразымбетова ұтысқа қатысып, 5 миллион теңге ұтты. Жеңімпаз әйелге «Қазпошта» бөлімшелерінің бірінде ұтыс сертификатын тарту етті. Назира Оразымбетова бұған дейін де бірнеше рет лотереяға қатысып, бақ сынап көрген. Алайда, бұл оның алғашқы қомақты ұтысы.

Назира Оразымбетова, «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясының жеңімпазы: «Алдында да ек-үш рет алғам, 4000-5000 көлемінде ұтыстар болған. Осы жолы «Құттықтаймыз!» лоторея билетін алдым «Қазпоштаның» №28 бөлімшесінен. Ұтыс шықты 5 миллион, қуаныштымын! Бәріңізге жұғысты болсын! Ойнаңыздар, лоторея әділ ойын».

«Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы 6 жылдан бері өткізіліп келеді. Ұтыс ауқымды жүлде қоры мен ақшалай төлемдері бар халықаралық деңгейдегі лотерея өнімдерін ұсынады. Және соңғы үлгідегі заманауи техникалармен әділ және ашық түрде өткізіледі. Ұтыс көлемі де таңғалдырмай қоймайды. Тек кейінгі 5 жылдың ішінде жеңімпаздарға 17 миллиард теңге табысталған, ал оның ішіндегі ең ірі ұтыс 109 миллион теңге болған.

Оксана Черненко,  «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясының өкілі: «Біздің қатысушыларымыз көбінесе қомақты қаржы жеңіп алады. Бір айдың ішінде жас жігіт 2 миллион теңге ұтып алды. Ал 2 зейнеткер әйел 550 мың теңгеден жеңіп алған. Одан бөлек күн сайын 100 мың теңгеге дейінгі мөлшерде ойнатылатын ұсақ жүлделер де бар. Мен сонымен қатар, 22 маусымда автомобиль ұтысы өтетінін еске саламын. Сол себепті, келіп, «Сәтті жұлдыз» лотереясын сатып алып, қатысыңыз да, жеңімпаз атаныңыз!».

Лоторея билеттерін сауда орталықтарынан, супермаркеттер мен қала базарларынан сатып алуға болады. Сондай-ақ билеттер «Қазпошта» бөлімшелерінде де сатылымда бар.

Бағдат Есембаев, «Қазпошта» АҚ ШФ сату бөлімінің басшысы: «Біздің 32 бөлімшеде сатылады. Сағат 9-дан кешкі 18:00-ге дейін алты күндік режимде жұмыс істейді. Кез келген уақытта келіп, лотореяға қатысуға болады».

Әрбір ұтысқа қатысушы лотерея билетін сатып алу арқылы елдің әлеуметтік саласын дамытуға да үлес қосады. Олай деуге негіз бар. Себебі, 2021 жылдың қорытындысы бойынша билетті сатудан түскен сомадан 4 миллиард теңге қаржы қазақстандық спортты қолдауға жұмсалған. Сонымен қатар, бүгінге дейін 7 мыңға жуық азамат жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.

РЕКВИЗИТ: ҚР Үкіметінің 2017 жыл 10 ақпандағы № 48 қаулысы