Шымкенттік қария тұтастай бір көшені бау-бақшаға айналдырды

0

Шымкенттік 70 жастағы қария бір көшені толығымен бау-бақшаға айналдырған. «Ұлағат» шағын ауданының тұрғыны – Асылхан Ағманов аталған игі іспен сегіз жылдан бері айналысып келеді.

Ол тұратын аумақта түрлі жеміс ағашы мен 400-ге жуық терек көшенің көркін ашып, жайқалып тұр. Сұрықсыз көшені жасыл желеке айналдыру оңай болмады, деген зейнеткер, көп еңбек пен төзімді қажет ететін жұмысқа өзінің зейнетақысын жұмсайды екен.

Шымкенттік Асылхан Ағмановтың дәл осылай тынымсыз еңбек етіп келе жатқанына сегіз жылдан асты. Тұтастай бір көшені жасыл желекке айналдырған қария, бақшаны уақытылы суарып, күтіп баптайды. Ол зейнетке шығысымен, шөп басып жатқан аумақты, көрікті көшеге айналдыруды ұйғарған. Алайда қарияның бастамасы көршу-қолаң тарапынан қолдау таппапты. Бастаған ісімді аяқсыз қалдырмаймын деген тұрғын, ағаш отырғызуға жалғыз өзім кірістім дейді.

Асылхан Ағманов, зейнееткер: «Бірінші кезде бұл көшені шөп басып жатты, Содан кейін қой осы көшені бір жақсылып ретке келтірейін деп ойладым. Келешек жастарға да сабақ , тәрбие болсын деп. Біреулер ненің азабы, бұны неғыласың дегендер де болды. Олар қәзір теріс қарап жүр. Бұл жерден ештеңке шықпайды, мынау тас құр әуре болып жатырсың деді ғой маған. Бірақ мен осыны көгертемін дедім».

Бүгінде қарияға қоңырау шалып, ағаш егудегі тәжірибиесін бөлісуін сұрайтындар көбейген. Жастардың өзінен үлгі алып, қала көшелерін жасал желекке айналдырғысы келетін ниетіне зейнеткер дән риза. Ол, әу бастағы басты мақсатының бірі де осы болғанын жеткізді.

Асылхан АҒМАНОВ, зейнеткер:  «Міне, жастар менімен хабарласып сұрап жатыр . Сол менің естуімше менен үлгі алған жастар қазір он шақты көшеге олар да ағаш егіп жатыр. Олар, Менен тәлім алып , тәрбие алып , осы жолды жалғастырып жатыр. Оның өзі маған бір мақтаныш емес, абырой.»

Асылхан Ағманов алғашында, көшеге қандай ағаш отырғызарын білмей, ұзақ уақыт ойланып, ақыры терек егуді ұйғарыпты. Ақсақал, өзге өсімдіктерге қарағанда аталған ағаш ерекше күтімді қажет ететінін білсе де, оның бұтақтары жоғары қарай өсіп, жол бойындағы көліктерге кедергі жасамайтынын ескеріпті.

Асылхан АҒМАНОВ, зейнеткер: «Мынаның ары қарап түзу өсуі үшін , әр өскен сайын бұтақтарын қарап , өскен өскендерін жинап , артығын алып тастаймын. Неге десең бұл терек жоғары қарай өседі де, мына бұтақтар оның қорегін жемей, жоғары қарай өседі. Бұл теректі еккен себебім жолда машинаға кедергі келтірмейді. Бұл тіке өседі, орын алмайды. Көрдің ба мынау жабысып тұр».

Бағбанның айтуынша, көшенің көркін келтірген теректер бүгінде тамырын тереңге жайған. Тіпті арасында 20 метрге дейін бой көтергендері кездеседі. Қария, мұның бәрі жақсы күтім мен, уақытылы суарғанның нитижесі дейді. Сондай-ақ, бүгінде 75 мың зейнетақыға күн көріп отырған, қаражатының біраз бөлігін осы жұмысқа жұмсайды екен.

Асылхан АҒМАНОВ, зейнеткер: «Енді мынау күн ысыған сайын бұларға су көп кетеді. Жиырма мыңның үстінде. тіпті отыз мыңға дейін барып қалады. Қазір судың тарифі қымбаттады. Соған енді мен оны қымбаттатты деп тастамаймын ғой. Қой деймін да, жаңағы өзім егіп өзім баптағаннан кейін жаным ашып тұрады, суарамын».

Асылхан Ағманов алдағы уақытта өзі туып-өскен Алтынтөбе ауылына көшуді жоспарлап жүр. Дегенмен, өзі шалғайға кетсе, мұндағы жасыл желек қараусыз қала ма деген қорқынышы да жоқ емес.

 Аида Қарсыбайқызы