Шымкенттің дихандары аз өнімнен қауіптенеді

449
Шымкенттің дихандары аз өнімнен қауіптенеді

Аптаның басында толассыз жауған жауын мен бұршақ диқандарды алаңдатып отыр. Қаланың іргесінде егіншілікпен айналысатын тұрғындар мөлшерден артық ылғал өсімдіктердің жетілуіне кері әсерін тигізеді дейді. Және зиянкестермен күресуге шығымдаламыз деп ашынуда.

Әуежай аумағындағы егіс алқабында көкөніс жайқалып тұр. Жақында ғана жуып өткен толассыз жауынның қырықабатқа кері әсері болмаған көрінеді. Шалғамды жинау кезеңі де жетіп отыр. Әбдірасиловтар отбасы көкөніс өсірумен айналысады. Санжар қазір қырыққабат көшеттерін егкен бойда суару үшін қарықтарды дайындауда.

Санжар Абдрасилов, диқан: «Бізде бұршақ жауған жоқ. Алайда жауын-шашын енді отырғызылған өсімдіктердің жетілуіне зиынан тигізеді.»

Осы тұста диқандарды мазалап отырған тағы бір өзекті мәселе – арамшөп. Толассыз жауыннан кейін олар бітік шығатыны бар. Жақсы тұқымға шығындалған тұста зиянкестермен күресуге арналған препараттарға да қаржы жұмсауға тура келеді дейді олар. Сондықтан ауылдағы ағайын қаржы үнемдеу мақсатында таңсәріден күннің көзі батқанша өсімдіктің түбін қопсытып, еңбектенеді.

Қатты жел жеміс ағаштарына, әсіресе, өрік, шие мен шабдалының пісіп-жетіліуне кері әсерін тигізері анық дейді Зубайра Сәрсенова. Өзбекстаннан ата-жұртына қоныстанғанына он жыл болған отбасы бүгінде егіншілікпен айналысады. Күтім болмаса мол өнімге қол жеткізе алмайсың деген диқандар жыл бойы тер төгеді.

Еңбеккерлер биліктен көмек сұрайды. Минералды тыңайтқыштар мен зиянкестерді жоюға арналған препараттар жеңілдетілген бағамен сатылса, ол да бізге жақсы қолдау болар еді. Әйтпесе, бұрынғыдай қала тұрғындарын көкөніспен толық қамтуға мүмкін болмайды дейді диқандар.