Су құятын контейнерге кептетіліп қалған 7 жасар бала құтқарылды

30

«112» қызметіне Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Атакент елді мекеніндегі үйлердің бірінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылы туылған қыз бала су құйуға арналған ыдысыстың ішінде қыстырылып қалғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 4 құтқарушысы жұмылдырылды.

Құтқарушылар сағат 12:30-да арнайы құрылғы арқылы контейнерді қырқып баланы жарақатсыз ата-анасына тапсырды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.
ТЖД ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.