Түркістанда «Сергек», «Қауіпсіз мектеп»жобалары оң бағасын алды

128

Елімізде түрлі салаларға цифрлық технологиялардың ендірілуі оң нәтиже беріп отыр. Мәселен,  Түркістан облысында мектеп оқушыларының қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жобалар қолға алынған. Бұл бастама полицияның жұмысын оңтайландырып қана қоймай, халықтың еш кедергісіз, қауіпсіз жүріп тұруына жағдай жасап отыр деуге болады.

Оңтүстік өңірінің тұрғындары соңғы жылдары Түркістан облысы аумағында, әсіресе орталығында көлік қозғалысы болсын, жаяу жүргіншілер не веложолдарда жүру едуір жеңілдегенін айтады.
Дінмұхаммед Бекназаров, Жетісай қаласының тұрғыны: «Қазір қаланың аумағында барлық жерде веложолдар бар. Қорықпай айдап кете бересің. Мен Жетісайда тұрамын, жұмысым Түркістанда коммуналдық салада. Бұрын көлікпен қатар қозғалуға қауіпті болса, қазір емін еркін өз жолымызбен қатынаймыз. Көлік жүргізушілері де жол ережесін бұзбауға тырысады.

Түркістан облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығы іске қосылғаннан бері жол ережесінің сақталуын қадағалау жеңілдеген. Заманауй сандық жүйе, жол көлік оқиғаларын мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді екен. Мамандар солай дейді.
Алмасхан Тастанбеков, Түркістан облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы: «Ағымдағы жылдың 4 мамырында Түркістан қаласында «Қорғау» жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе «Сергек» камераларының көмегімен патрульдік полиция қызметкеріне 10 минут ішінде жол жүру ережесін бұзған автокөліктерді, жалған нөмірлер орнатылғанын, айыппұл төленбегенін хабарлай алатын немесе іздеуде жүрген қылмыскерлер туралы ақпаратты беріп отырады».

«Сергек» жобасын іске асыру бойынша былтыр наурызда, Түркістан облыс әкімдігі, Облыстық полиция департаменті және «Көркем Телеком» серіктестіті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумқа қол қойылған еді. Пилоттық жоба аясында Түркістан қаласындағы көше қиылстарына 26 «Сергек» кешені, желілік учаскелерде 30 кешен, және жалпы 200 жалпы бейнебақылау камерасы орнатылды.

Бақыт Әшірбеков, Түркістан облысы ПД жол полициясының аға инспекторы: «Б. Саттарханов пен Әмір Темір көшесінің қиылысында тұрмыз. Бізге жедел басқару орталығынан түскен мәлімет бойынша көліктерді тексеріп ұрланған ба іздеуде ме, соны анықтаймыз».

Айта кететін жәйт, аймақта «Сергек» жобасының жүзеге асуына облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы мамандары атсалысқан.

Асылбек Райболов, Түркістан қаласының тұрғыны: «Әлдеқайда  дұрыс болды, аудан болғанда «Сергекке» дейін жол апаты көп орын алатын. Қазір жақсы болды қалада тұрамын,  көлік жүргізушілернің басым бөлігі ережені бұзбайды. Өйткені, «Сергекке» тіркелсе, қомақты көлемде айыппұл төлейді».

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Сергек» жобасын жүзеге асырудың нәтижесінде жол көлік оқиғасы 31 пайызға төмендеп, зардап шеккендер саны 41 пайызға  азайған.

Облыс аумағында сонымен қатар,  «Қауіпсіз мектеп» жобасының нәтижесі де оң бағасын алды,- дейді мамандар. Облыс аумағындағы 952 мектептің 551 бейнебақылау орнатылған.  Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолға алынған «Сергек», «Қауіпсіз мектеп» жобалары Түркістан облысындағы қала мен аудандарда кезеңімен қолданысқа енетін болады.

Шынар Оразова