Елімізде даму әлеуеті төмен, халық жаппай көшіп жатқан елдімекендердің тұрғындарына арналған ипотека жайлы тың мәліметтер белгілі болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша бағдарлама Алтай, Арқалық, Жаңатас, Жаңаөзен, Қаражал, Курчатов және Құлсары секілді 7 шағын қала тұрғындарына арналған.
Егер олар ерікті түрде Атырау, Семей, Өскемен, Риддер, Шемонаиха, Зайсан, Шар, Тараз, Қарағанды секілді тізімдегі 21 қалаға ерікті түрде қоныс аударса, баспананы жеңілдетілген ипотекамен ала алады.
Алғашқы жарна 10 пайыз, мөлшерлеме 5 пайыз. Десе де, жыл сайын 11 миллиард теңге бөлінетін бағдарламаның қашан басталатыны әзірге белгісіз. Қазір отбасы банкі жергілікті әкімдіктермен осы бағытта жұмыс істеп жатыр.
Шынар Оразова