Шымкентте 13 шілдеден бастап тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау басталды. Қазірдің өзінді 39 өтініш келіп түсіп, оның он екісі мақұлданған. Биыл қайтарымсыз негізде бастапқы жарнаға қала бюджетінен 500 млн. теңге бөлінген болатын. Ал осы сәтті пайдаланған алаяқтар тұрғын үй басқармасының атын жамылып, бірнеше тұрғыннан заңсыз қомақты қаражат алып үлгерген.
Биыл қайтарымсыз 1 млн. теңгелік тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 13 шілдеде басталды. Осындай сәтті пайдаланған белгісіз біреулер басқарма басшысы Жанат Утебаеваның атын жамылып, тұрғын үй кезегінде тұрған әйелден «үй алып беремін деп» 200 мың теңге алғын. Үміті ақталмаған мегаполис тұрғыны басшылыққа ақшасын сұрап келіпті. Ал бұл оқиғадан хабарсыз болған басқарма басшысы тұрғындарды сақ болуға шақырды.
Жанат Утебаева, Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысы: «Қазіргі таңда Басқарма қызметкерлері атынан, басқарма басшысы атынан қомақты қаражат сұрап жатса сенбеңіздер. Бұл алаяқтардың ісі. Қандай да бір ақпарат келсе, біздің ресми парақшалардағы ақпараттарды ашып қараңыздар. Алаяқтарға алданып қалмаңыздар».
Тұрғын үй сертификатын 500 шымкенттікке беру жоспарланып отыр. бірақ қайтарымсыз қаржы белгілі бір санаттағы азаматтарға ғана беріледі. Ол санатқа кіретіндер мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мемлекеттік қызметкерлер.
Жанат Утебаева, Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысы: «Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1-10-20, «5-10-20″ бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бәір бөлігін жабуы үшін беріледі. Тұрғын үй сертификаты әрбір өтініш берушіге 1 млн. теңге».
Әлеуметтік көмек ретінде берілетін жоба 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде несие алғандардың бастапқы жарнасын жабу үшін беріледі. Ал барлық талаптарға сай келген азаматтар өтінімді үйден шықпай-ақ Кезекте. Кз сайты арқылы бере алады.
Жұлдызай Ордабекова, Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы: «Қаражат бөлу мәселесі, өтінім берушілері көбейіп келе жатқан үлкен көмек болып табылады. 2021 жылы 416 отбасыға 370 млн. теңге бөлінсе, 2022 жылы 500 млн. теңге қарастырылып отыр және де бізде кезекте .кз сайтында өтінішті қалай тапсыру керектігі толықтай көрсетілген. Егер тапсыра алмаймын десе сол жердегі нұсқаулыққа қарас болады».
Өтінім беруші соңғы 3 жыл көлемінде Шымкент қаласының тұрақты тұрғыны болу қажет. Сонымен қатар отбасының әрбір мүшесінің соңғы алты ай ішіндегі табысы 115 905 теңгеден аспауы тиіс.
Әсел Мәлік