Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

58

Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі көлемде есірткі заттарын сақтап, оны өткізумен айналысқан үш азаматты ұстады.

Оның екеуі Қаратау ауданы «Достық» мөлтек ауданындағы жол бойынан құрықталып, олардан 2 полиэтиленді пакетте болған есірткі заттары тәркіленіп алынды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыру барысында олармен сыбайлас бір азамат Қайнар бұлақ тұрғын үй алабында өзінің мекенжайынан ұсталып, ол азаматтан 1 қапқа салынған есірткі заты табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар «кептірілген марихуана» екендігі анықталып, жалпы салмағы — 7 кг 188 гр құрады.
Атап өту қажет, құрықталған қылмыстық топтың мүшелерінің барлығы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған.
Бүгінде аталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.