Қазақстан Ұлттық банкі телефон алаяқтары көбейгенін ескертеді

1

Қазақстан Ұлттық Банкі телефон алаяқтарының көбейгенін ескертеді. Олар өздерін банк қызметкері ретінде таныстыру арқылы қазақстандықтардың дербес деректерін алуға тырысады. «Ұлттық Банктің» атынан күдікті хаттар алсаңыз немесе осыған ұқсас қоңырау қабылдасаңыз бірден құқық қорғау органдарына хабар берген абзал.

Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтардың көбейгенін ескертеді. Олар қандай да бір алаяқтық әрекет бойынша істің мән-жайын анықтамақ болып, өздерін ҚҰБ қызметкері ретінде таныстыру арқылы қазақстандықтардың дербес деректерін алуға тырысады.

Алаяқтар телефон арқылы түрлі сылтау келтіріп, азаматтарды дербес мобильді құрылғысына екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасын немесе қашықтан басқаруға арналған сервисті орнатуға үгіттейді.

Содан кейін олар смартфонды қашықтан толық басқаруға мүмкіндік алып, шот ашады, несие рәсімдейді және ақшалай ұрлайды. Атап өтетін жайт, алаяқ телефон шалғанда әңгіме арасында дербес әрі жабық деректерді (шотта сақтаулы соманы, СМС пен CVV кодтарды) беруді талап етеді.

Пайдаланушының дербес деректеріне қатысты кез келген ақпаратқа қол жеткізу үшін қаскөйлер неше түрлі қитұрқы әрекеттерге барады, соның ішінде жалған құжаттарды ұсынуға да бейім болады. Яғни, олар ҚҰБ қызметкерінің жеке басын растайтын құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қаражатымен жасалатын ақшалай операцияларға тән хаттарды немесе анықтамаларды қолдан жасайды.

Есіңізде болсын! Алаяқтардың түпкі мақсаты – қолға түсірген деректер арқылы ақша жымқыру және азаматтарға ауқымды материалдық залал келтіру.

– Жеке тұлғаның шотына қызмет көрсетпейді, жеке тұлғалармен ақшалай есеп
айырысулар мен мәмілелер жасаспайды;
– ҚР азаматының шотына қатысты қандай да бір алаяқтық әрекет, дербес деректердің жария етілуі және екінші деңгейлі банктерде несие ресімдеу секілді мәселелер бойынша жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды;
-ҚҰБ-тағы шоттар тек қана Ұлттық Банктің, екінші деңгейлі банктердің және саны шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылуы мүмкін

«Ұлттық Банктің» атынан күдікті хаттар алсаңыз немесе осыған ұқсас қоңырау қабылдасаңыз құқық қорғау органдарына хабар берген абзал.