РОП операторының бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Шынар Мұхтарова ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікке ілінген.
Тергеу мәліметтеріне қарағанда ол 2017-2018 жылдары утилизациялық алымға төленген 920 миллион теңгені жымқырған болуы мүмкін. Агенттік қызметкерлері қазір оны іздестіріп жатыр.
Тіпті күдіктінің қайда екенін айтқан азаматқа 12 миллион теңге сыйақы беруге дайын. Ал өзге айыпталушыларға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Шынар Оразова