Тамызда депозит мөлшерлемесі көтерілмек

52

Депозиттерге кепілдік беру қоры келесі айда кейбір депозит мөлшерлемелерін көтерді. Сол үшін теңгедегі салымы бар қазақстандықтар тамызда көбірек сыйақы алады.

Мәселен 3 айға дейінгі жинақтық депозит 15, алты айға дейінгі 15,5; бір жылға дейінгі 15,2; ал екі жылға дейінгі депозит мөлшерлемесі 12,5 процентке дейін көтеріліп отыр. Бұл қаржы нарығын тұрақтандырып, теңгеге сенімді күшейтеді дейді сарапшылар.

Шынар Оразова