Күні кеше Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Шахат ата көшесі бойында орналасқан үйдің қасында «Газель» маркалы жүк автокөлігі, ішінде 70 дана сығымдалған сабан толығымен және қасында тұрған «Хундай Соната» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанып кетті.
Өрт сағат 16:30-да оқшауланып, сағат 16:54-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 15 қызметкері мен 5 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері мен 1 дана техникасы жұмылдырылды.
Жылдың басынан бері қала аумағында көліктегі 14 өрт оқиғасы тіркелген. Негізгі себептері электр желілердің қысқа тұйықталуы.