Серверлік орталықта апат болып, Egov.kz, SB.egov.kz, ашық үкімет және мобильді үкімет порталдары істен шықты. Бұл жүйелер халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына тікелей әсер етеді. Сондықтан мемлекеттік корпорация бөлімшелерінде клиенттерді қабылдау уақытша мүмкін болмай тұр.
«Қазіргі уақытта eGov.kz порталы компоненттері, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильдік қoсымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы қызметтерінің дұрыс істемеуі байқалады. Сонымен қатар, ХҚКО-да және ЕДБ-де мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз»,- делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта порталды іске қосу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мамандар келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайды. Және тұрғындарды орын алған жағдайға түсіністікпен қарауға шақырады.
Мөлдір Ибадуллаева