Маңғыстауда газ өңдеу зауытын салу жоспарлануда

25

Азияның шығысындағы Жапония және Корея нарығында сұйытылған табиғи газдың мың текше метрі 59 долларға дейін көтерілді.

Газ мәселесі бізде де бар. Ішкі нарықты көгілдір отынмен қамту үшін кейінгі жылдары ауқымды жобалар қолға алынды. Былтыр Қашаған кен орнында 1 миллиард текше метр газ өңдейтын зауыттың құрылысы басталған. Жоба жүзеге асса 2024 ші жылы мұнай өндірісі тәулігіне 450 мың баррелге дейін артады.

Сондай-ақ, Маңғыстауда газ өңдеу зауытын салу жоспары бар. Бұған қоса Үкімет «Теңіз Шевройл» компаниясымен келіссөз жүргізді. Компания экспортқа жіберіп отырған көгілдір отынның 2,6 миллиард текше метрін ішкі нарыққа беретін болды.

Десе де, мәселе мұнымен шешілмейді. Өзімізді газбен толық қамту үшін Қазақстан жылына 14-15 миллион текше метр көгілдір отын өндіретін зауыт салуы қажет,- дейді сарапшылар