Нарықта кеңсе тауарлары қымбаттап жатыр. Шілдеде ел бойынша орташа бағасы 12%-ке өскен. Кеңсе заттарының құны әсіресе Түркістан облысында шарықтаған.
Сонымен бірге Атырау, Ақмола облысы мен Алматы қаласында да тауар құны көтерілді. Кеңсе қағазының бағасы да өсті. Өйткені, сұраныс көп, нарықта шикізат тапшы. Бұған дейін елдегі қағаз өндірушілер шаруаға қажет материал жетпей жатқанын хабарлаған.
Соның салдарынан елордадағы өндіріс уақытша тоқтатылған. Кәсіпкерлердің айтуына қарай, 2 млннан аса қорап қағаз шығару үшін жылына 6 мың тонна шикізат қажет. Шымкентте де шикізаттың жоқтығынан кеңсе қағаздарын шығаратын өндіріс орны уақытша тоқтатылған еді.