«Пара алды» деген күдікке ілінген лауазымды шенеуніктің ісі сотқа жолданды

87

Шілде айында Шымкент қаласы және Түркістан облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшы орынбасары өз кабинетінде қамауға алынды. Оған «бопсалаушылық және қылмыстық жазаны өтеу режимін жеңілдету үшін сотталушыдан ірі пара алды» деген айып тағып отыр. Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі аталған жайтқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

«Қазіргі таңда іс Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық сотына жіберілді. Полицейлер заңды ұстанбай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын таптап, антты бұзған жағдайда ІІМ бұрынғысынша қатаң және дереу әрекет етеді. Құқық қорғау қызметі бізге тек жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де үлкен жауапкершілік жүктейді”,-деп атап өтті ведомства өкілдері.

Ішкі істер министрлігі барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті жаза қолданылатынын атап өтті. Тәртіп сақшылары антқа адал боламыз деп сендіреді.