Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Қарабұлақ ауылдық округінде болды. Қарабұлақ ауылына қарасты «ALITEX» тігін цехін Усманов Сардар Жафаралиевич басқарады. Аудан әкімі аталған цехтің жұмысымен танысты.
Жеке кәсіпкер жаңа цехті іске қосуға өз есебінен 20 млн. теңге қаражат жұмсаған. Цех жұмысын ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастады. Онда қажетті құрал-жабдықтар мен жиһаздармен қамтылған.
Бүгінгі таңда цехта 18 мың дана жаздық және 10 мың дана қысқы әскери киімге тапсырыс алынып, пішіп, тігін жұмысын жүргізуде.
Ағымдағы жылы 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Тігіншілердің орташа айлық-жалақылары 80-90 мың теңгені құрайды. Жұмысшылар бір ауысымда, яғни күнделікті таңғы 8.30-ден кешкі 18.00-ге жұмыс істейді.
Аудан әкімі аралау соңында тапсырысты орындау мүмкіншілігін сұрап, жас кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.