«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды. Олар тариф бағасын негізсіз көтеріп, оңай олжаға кенелген.
Заңсыз түскен қаражат көлемі – 2,3 млрд теңге. Компания басшылары 2 жыл бойы газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған. Тергеу барысында табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаментіне тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалды.
Газ бағасына тариф төмендетілді. Нәтижесінде, облыс тұрғындары 1-тамыздан бастап газ үшін төмендетілген тарифке көшті.
Шынар Оразова