Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам-195 орамға газ берілді. Аталған орамда 800-ден астам үйде 4140 халық тұрады. Көгілдір отынға қол жеткізген халық енді көмір тасып, күл шығармайтын болдық деп, қуанып отыр.
Айта кетейік, Бадам -195 орамды газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған еді. Былтыр жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, жұмыстар 100 %-ға аяқталған. Қазіргі таңжа құжаттары дайын болған тұрғындар газды үйді-үйлеріне кіргізіп жатыр.