Түркістан облысының тұрғынынан 2 келіден астам есірткі тәркіленді

25

Түркістан облысының тұрғынынан 2 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Нақтырақ айтқанда, Шу станциясындағы темір жол төсемі маңын тексеру барысында Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны ұсталған. Тексеріс кезінде күдіктіден жалпы салмағы 2 кг 740гр «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат есірткі затын Құмөзек ауылының маңында жеке тұтыну үшін жинағанын айтқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Ал өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

«Жыл басынан бері елімізде 89 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді. Контрабанданың 5 фактісі және есірткі өткізудің 19 фактісі анықталды. Ал есірткі қылмысына байланысты барлығы 228 жайт тіркелген».

Гүлдана Дәурен