Елімізде шетел валютасына сұраныс күрт төмендеген. Ұлттық банктің дерегіне сәйкес, өткен айда ел азаматтары 125 миллиард теңгеге шетел валютасын сатып алған.
Оның 82 миллиардына доллар, 6 миллиардына рубль, 36 миллиардына еуро, қалғанына юань мен өзге валюталарды алған. Сату-сатып алу көрсеткіші қаңтардағы жағдаймен салыстырғанда 55 пайызға төмен. Есесіне теңгедегі салымдар артып келеді.