Ауласында сора өсірген жергілікті тұрғын ұсталды

21

Ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 қазан аралығында республикалық «Қарасора-2022» кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – есірткі заты бар өсімдіктерді өсіп-баптаудың алдын алу, сондай-ақ есірткі, оның ішінде жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.

Кезекті іс-шара барысында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің №49 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары бекітілген әкімшілік аумақты аралау кезінде өз үйінде құрамында есiрткi заттары бар және өсiруге тыйым салынған өсiмдiкті заңсыз егіп-өсірген азаматты анықтады. Ол — 1989 жылы туылған жергілікті тұрғын болып шықты.
Тексеру барысында 33 жастағы азаматтың тұрғылықты мекенжайынан есірткі өсімдігі тәркіленіп алынды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі өсімдігі «сора» тұқымына жататыны анықталды.
Бүгінде аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.