Аурудың алдын алуға арналған ашық есік күні өтті

39

Шымкент қалалық онкологиялық орталықта гинекологиялық обырдың алдын алу мақсатында ашық есік күні өтті. Бұл дерттің түрі әйелдер арасында жиі кездесіп жатады. Оны дер кезінде анықтау, ауруды өршітпей одан түбегейлі айығып кетуге мүмкіндік береді. Бұл күні онкологиялық орталықта 60-тан аса тұрғын тегін тексерістен өтті.

Ашық есік күні ультра-дыбысты тексеру  және эндоскопиялық кабинеттері жұмыс істеді. Дәрігерлер сырқаттың алғашқы сатысында анықтаудың маңызы зор дейді. Осы мақсатта әр 3 ай сайын тегін скринингтік шаралар ұйымдастырылады.  Аты жаман ауруға шалдықпас үшін міндетті түрде мамандар кеңесіне құлақ түрген дұрыс. Өйткені сыртқатты емдегеннен, алдын алу әлдеқайда тиімді.