Азаматтардың банктер мен қаржы ұйымдарына қарызы 12 трлн. теңгеден асты

36

Халықтың банктер мен өзге қаржы ұйымдарына қарызы 12 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Бірінші несие бюросының өкілдері хабарлады. Мәліметке қарай, қазір 7 млн 400 мың адамның кредиті бар. Олардың шамамен 254 мыңы жеке кәсіпкер. Өткен айда Кірістер комитеті Алматының өзінде 1 млн азаматтың банк алдында несиесі бар екенін жариялаған. 450 мыңнан аса тұрғынның қарызды қайтару мерзімі 90 күннен асқан.