Банктер клиенттерден өндірген мүлікті 3 жылда сатуы тиіс

42

Бұдан былай, банктер клиенттерден өндірген мүлікті үш жыл ішінде сатуы тиіс. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарына осындай талап енгізді.

Мәселен, қазір клиенттер несиесін төлей алмаса, банктер кепілге қойған дүниесін өндіріп алады. Бірақ көлік, пәтер секілді сол мүлікті қаржы ұйымдары сатуға асықпайды. Бұл бұғатталған активтер нарығының дамуын тежейді.

 

Сол үшін өндірілген мүлік үш жыл ішінде сатылса, жер, баспана мен көлік бағасының сәл арзандауына да түрткі болады,- дейді агенттік өкілдері.