Бидай мен ұн экспортына салынған тыйым алынды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, енді агро тауар өндірушілер шектеусіз өнімін шетелге саудалай алады.
Бұған дейін елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім қабылданған еді. Алайда әлемдік нарықта жағдай тұрақтанған әрі егін бітік шыққан соң квотаны алып тастау туралы шешім қабылданды. Қазір елде егін жинау жалғасып жатыр. 11 млн гектардан аса астық жиналған.